Стихи Расула Гамзатова


Анама
Тауда өстім, тартты-ау мінезім,
Тентектеу болдым мен үйде.
Тіресіп, менің бір өзім
Түсірдім сені не күйге.

Жыл өттіталай, жасқана
Қараған жоқпын тағдырға.
 Секілді қазір жас бала
Жасқанам сенің алдында.

 Екеуіміз ғана. Жаныма
Бұлт төніп талай, ашылды.
Өзіңнің алақаныңа 
Отырмын сүйеп басымды.

Болды ғой, ана, кей мінім,
Кемісін көп қой менің де,
Балаңның ыстық мейрімін 
Сезгенің осы-ау өмірде.

Әткеншек теуіп алаңда,
Әнменен кетсе кей кезім,
Жүрегім: "Қалай анамды
Ұмытып барам, - дейді, - өзім?"

Мен үшін қорқып өз басың,
Лезде от боп жанасың.
Келіп те қалған көз жасын
Көрсетпей сүрте саласың.

Жұлдыздар көктен ағыла,
Тұнғиық барып, батады.
Ал балаң алақаныңа
Ақ басын суйеп жатады.

Ғамзатов Р. Анама [Мәтін] : өлең / P. Ғамзатов // құрас. С. Тілешева. - Кластан тыс оқу. 2 кітап. - Алматы, 1973. - Б. 95-96. 

Уа, халайық, оянғанда, күлгенде,
Білеміз бе, күннен не үлес аламыз.
Түс болады ант ішіп біз жүргенде,
Күн батқанын байқамай да қаламыз
Батылдығын жоғалтады жұрь ұдай,
Қажыр-күшті құртуға уақыт шебер гой.
Жаңбырдан соң жамылған тек буркадай,
Жалғыз ғана қалады екен кемел ой.


Жігіттер қан майданнан оралмаған,
Оралып амн-есен қол алмаған.
Жерленбей елестейді кей-ке»де бір
Кеткендей тырна болып солар маған.
Көрем мен қазірде де жат көгінде,
Жерге кеп кешкі тұман шөккенінде,
Ұшады қалың тырна қатар түзеп,
Адамдай жерде сапар шеккен кунде.
Ұшады көкті кесіп қалыштай боп,
Баяғы жолдас, бауыр, туыстай боп,
Қалады қатарынан аз ғана жер –
Қалдырған маған орын қуыстай боп.

Ғамзатов Р. Анама [Мәтін] // Мақпырұлы С. Қазақ әдебиеті. 2 бөлім / С. Мақпырұлы, Т. Сыдықов. – Астана, 2007. – Б. 254-258.

Комментариев нет:

Отправить комментарий